Mамандарына арналған оқыту семинары өтті.

2019 жылдың 7 маусымында Шымкент қалалық КЕ АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» кеңселерінің фронт және бек -офис мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты - зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің бас мамандары Оксикбаева Сулу Бестибаевна және Утельбаева Дина Агабековна әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары бойынша соңғы болған заңнамалық актілердегі толықтырулар мен өзгерістерді таныстырды. Мамандардың жұмыс барысында құжаттарды дұрыс рәсімдемегендіктеріне мысал келтіре отырып, талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) мамандарымен қордан тағайындалатын төлемдерге қатысты сұрақтар қаралды

Қазақ