Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

2019 жылғы 6 қыркүйекте сағат 17:00-де Шымкент қ. Арбатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» және "Президенттік кадрлық резерв" бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Іс-шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің әлеумепттік мәселелері жөніндегі басшы орынбасары Е.Ергеш, персоналды басқару жөніндегі бас маманы Ш.Байбулова, еңбек шартындағы және жастар тәжірибесімен жұмыс жасайтын мамандар  да белсене қатысты. Жәрменкеде "Цифрлық агент" (Digital agent) мобильдік қосымшасын пайдалану бойынша консультациялық жұмыстар, азаматтарды электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен таныстыру, "Президентік кадрлық резерв" онлайн-платформасына тіркеу бойынша түсіндіру кеңестері өткізілді.

Қазақ