Жұмыс орындарын, оның ішінде өнімді жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар

 

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде, сондай-ақ жеке бастамалар есебінен 2018 жылы жоспар бойынша 16500 жұмыс орнын құру көзделген болатын, 17565 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9274 жұмыс орны тұрақты болып  табылады. 2019 жылықала аумағы бойынша  14900 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 14908 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11188 жұмыс орны тұрақты болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік секторда 6677 жаңа жұмыс орны және жеке секторда 8231 жұмыс орны ашылды. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 1 қазанына халықты жұмыспен қамту орталықтары 8 616 жұмыс орнын құрды. Сонымен қатар, «Жұмыс орындарын құру мониторингінің интеграциялық картасы» автоматтандырылған жүйесінде көрсетілген қалған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қосымша жергілікті тұрғындар арасынан жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2 351 адам жұмысқа орналастырылды.

Қазақ