Департамент басшысы А.Е.Нурсеитов Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткізілген баспасөз брифингін өткізді

     30 қазан 2019 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы А.Е.Нурсеитов Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткізілген баспасөз брифингін өткізді. Департамент басшысы қатысушыларға департаменттің негізгі міндеттерімен таныстыра отырып, бүгінгі таңда департамент тарапынан 14 мемлекеттік қызметтің көрсетілетіні, оның ішінде 13 қызмет электронды түрде «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, ал мүгедектікті анықтау  немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау тікелей департамент тарапынан анықталатынын атап өтті. 2019 жылдың 1 қазанына дейін Шымкент қаласы бойынша 36,2 мың мүгедек тіркелген және оны оңалтудың жеке бағдарламаларының медициналық, әлеуметтік, кәсіптік бөліктері әзірленіп, орындалып жатқанын және үнемі бақылауда екенін жеткізді. Сонымен қатар, Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың Шымкент қаласы бойынша жалпы саны (2019 жылғы қараша айына) 267,4 мың адам, айына көлемі 9,5 млрд. қаржы жұмсалуда.2019 жылдың 9 айында – 34,9 мың адамға әлеуметтік төлемдерді тағайындалды, салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% көбейгенін жеткізді. Сөз соңында департамент басшысы Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа механизмдерінің негізгі мақсаты : шынымен мұқтаж адамдарға көмектесу, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуіге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға және шағын бизнесті дамытуға көмектесетіндігін, сонымен қатар мемлекет АӘК-тің атаулылығын, әділдігін, ашықтығын қамтамасыз ететіндігін мәлімдеді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 74155314_2351492185163734_8374531279047098368_n.jpg69.77 KB