Г.Балтабаевтың АӘК алушы отбасылардың материалдық жағдайын тексеру бойынша жүргізілген жұмыстары туралы қала әкімі Е. Айтахановқа есеп берді

     Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі күні Шымкент қаласының әкімдігінде қала әкімі  ЕАйтахановтың төрағалығымен  аппараттық кеңесте мемлекеттік жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарасының басшысы Г.Балтабаевтың атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың материалдық жағдайын тексеру бойынша жүргізілген жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Кеңесте Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы А.Е.Нурсеитов қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі аудан әкімдеріне басқармамен өзара іс-қимыл арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жеке істерін түгендеу бойынша жұмысты аяқтауды, кірісін жасырған және әлеуметтік келісім шарт шарттарын сақтауды қамтамасыз етпеген АӘК алушылар бойынша қаражатты қайтару бойынша толық шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақ