Борыш жүктемесін азайту бойынша

     Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қ. бойынша департаментінің басшысы А.Е.Нұрсеитовтің басқаруымен департамент мамандары борыш жүктемесін азайту бойынша сұрақтарымен департаментке тікелей жүгінген азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырды және өткізді. Аталған кездесу барысында азаматтардың борыш жүктемесін азайту бойынша қойылған сұрақтарына нақты түсінідермелер мен жауаптар берілді.  Кейбір бөлек тұлғаларға борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламасының қатысушысы болуы үшін өздеріне қатысты жеке мәліметтерді дәлелдейтін құжаттарымен бірге (жеке куәлік, неке қию туралы куәлік,  балалардың туу туралы куәлігі) цифрландыруға тұрғылықты мекенжайы бойынша АХАЖ органдарына жүгінуін ұсынды.

Қазақ