«Nur-otan» партиясы» Шымкент қалалық филиалы жанында Т.Б.Дауытовтың қатысуымен әлеуметтік сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді

          Үстіміздегіжылдың 27 қыркүйегі күні «Nur-otan» партиясы» Шымкент қалалық филиалы жанында  департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары Т.Б.Дауытовтың қатысуымен әлеуметтік сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға жазылған барлық азаматтардың қойылған сұрақтарына түсіндірмелер берілді. Азаматтар тарапынан департамент өкіліне қатысты қойылғанс ұрақтардың көпшілігі мүгедектіктік тобын және мерзімін анықтау, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту және техникалық  құралдармен қамтамасыз  ету бойынша сауалдарға түсіндірмелер мен жауаптар  берілді.

Қазақ